Байқоңырдан «Арктика-М» ғарыш аппаратының ұшырылу сәті тікелей эфирден көрсетіледі

543

0

Қыстың соңғы күнінде Байқоңыр ғарыш айлағында кезекті ғарышқа ұшыру өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 12:55-те Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Фрегат» үдемелі блогы бар Союз-2. 1б» зымыран-тасығышының ұшырылуы жоспарланған, бұл аппараттар ресейлік «Артктика-М» гидрометеорологиялық спутнигін орбитаға шығарады.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшыру сәті тікелей эфирден көрсетіледі. Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:10-да, старттың басталуына 45 минут қалғанда басталады.

Ұшыруға даярлық циклограммасына сәйкес, ертең таңертең комиссияның отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша зымыранға отын құю және ұшыру туралы шешімдер қабылданады.

Байқоңыр кешенінің аумағында ауа райы тұрақталды, бүгін күндіз ауа температурасы нөлге жуық градусты көрсетіп тұр. Синоптиктер ұшыру күні күн райының жылы болып, аздаған жел соғатынын болжап отыр. Бірнеше күн бұрын Байқоңырда дауыл көтеріліп, ауаның температурасы 25 градусқа дейін төмендеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<