Іздеу жалғасуда

370

0

20 ақпан күні таңғы уақытта 2013 жылы дүниеге келген Нұрәли Оразбаев пен Ерхан Анас Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешенінен белгісіз бағытқа қарай кетіп, үйлеріне қайта оралмаған.

Жоғалған балаларды із­деуге Ресейдің Ішкі істер басқармасы, Қазақстан Іш­кі істер министрлігінің Бай­қоңыр қаласындағы өкіл­дері, еріктілер шықты. Олар­ға Қызылорда қаласы­нан сүңгуірлер көмекке бар­ды. 21 ақпанда Сырдария өзенінің арнасын тікұшақпен қосымша тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Облыс орталығынан құрамында кинолог маманы бар 8 адамнан тұратын іздестіру тобы оқиға орнына қосымша аттанды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аталған жұ­мыстарға бақылау жүргізу мақсатында Байқоңырға ке­ліп, оқиға барысын ті­келей өз назарында ұста­ды. Байқоңыр қаласы әкім­шілігінің басшысы Конс­тантин Бусыгинмен кез­десті және құқық қор­ғау, төтенше жағдайлар са­ла­сы мамандары, мектеп директорларының қаты­суы­мен басқосу өткізіп, онда балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселесі жан-жақты таразыланды. Ата-аналар арасында түсіндіру шараларын кеңінен жүргізуді міндеттеді.

Сырдария өзенін тік­ұшақ­­пен бақылау барысында Ерхан Анастың денесі табылып, сүңгуірлер өзен жағасына шығарған. Облыс әкімі оның ата-анасымен арнайы кездесіп, қай­ғы­сына ортақтасып, көңіл айтты.

Аймақ басшысы Face­book әлеуметтік желі­сін­дегі парақшасында оқиға барысын баяндап, тиісті сала мамандарымен бірге оған 400-ге тарта волонтер тартылғанын айтып ата-аналарды балалары үшін  ерекше мұқият болуға шақырды.

– Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз. Ки­нология саласының мамандары өзен жағалауымен іздеу жүргізуде. Алайда, нә­тиже бермей тұр. Жұ­мыс жалғаса береді, – деді облыстық төтенше жағ­дай­лар департаменті бас­тығының орынбасары Саид Молдақараев кешегі өткен брифингте.

Іздеу шараларына 267 адам, 29 бірлік техника, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

 «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<