Кітап көрмесі ашылды

1549

0

Ә.Тәжібаев атындағы об­лыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай кітап көрмесі ашылды. Оған ақынның айтыстар жинағы, ол туралы моно­графиялар, мақалалар қойылған.


Көрмені ашу рәсіміне фи­ло­логия ғылымдарының кан­­дидаты, профессор Ұлжан Жаң­быршиева қаты­сып, ақын­­­ның өмірі мен шығар­ма­шы­­лы­ғының зерттелуі тура­лы айтты. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, фи­лология ғылымдарының докторы, профессор Кенжехан Матыжанов бастаған бірқатар институт ғалымдарының қол­дауымен жамбылтанудың жа­ңа кезеңі қолға алынып отыр.


– Жамбылды зерттеуші ­Ес­ма­ғамбет Смайылов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әуелбек Қоңыратбаев, бүгінгі Темірхан Тебегенов сияқты ғалымдар көп. Ел өміріндегі табыс пен жаңғыруды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлаған ақынның те­рең зерттеуді қажет ететін шығармалары баршылық. Жам­­былдың революцияға де­йінгі өмірі де әлі толық зерттелмей келеді, – деді Ұлжан Жаңбыршиева.


Іс-шарада облыстық кі­тапхана ұйымдастырған эсселер байқауының жеңім­паз­дары да марапатталды. Үш санат бойынша өткен сайысқа 52 талапкер қатысқан. Бай­қау қорытындысымен студенттер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда универ­ситетінің студенті Альбина Шакизада, мұғалімдер мен оқырмандар арасында Арал аудандық Абай атындағы кітап­хана оқырманы Перизат Елеуліқызы, оқушылар ара­сында №196 қазақ орта мек­тебінің оқушысы Назым Әбіл­башар жеңімпаз атанды.


Эпидемиологиялық ахуалға байланысты марапаттау рәсімі онлайн өтті. Іс-шара соңында ақын өлеңдері оқылып, жаңа көрме оқырмандарға таныстырылды.


Биболат СӘТЖАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<