Қытай биыл 22 рет ғарышқа спутник ұшырды

398

0

Қытайлық Цзюцюань ғарыш айлағынан Gaofen-12 қашықтан зондтау спутнигі ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CASC (China Aerospace Science and Technology Corporation) Қытайдың мемлекеттік зымыран-ғарыш корпорациясына сілтеме жасай отырып.

«Бортта ЖҚЗ (Жердң өашықтан зондтау) спутнигі бар Long March 4С зымыран-тасығышы 27 маусымда сағат 15.46-да UTC (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.46) ұшырылды. Бұл Қытайдың 2022 жылғы 22-орбиталық ұшырылымы болды», – деп атап өтілген хабарламада.

Миссияның сәтті орындалғаны расталды, спутник орбитаға шығарылды. Қытайлық Gaofen ЖҚЗ жерсеріктері тобының алғашқысы 2013 жылдың сәуірінде ұшырылған болатын. Содан бері әртүрлі зымырандарда тағы 20-дан астам жерсерік ұшырылды. Олар мөлшері, орбитасы және нақты пайдалану жағдайы бойынша ерекшеленеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<