Жол апаты азайып келеді

989

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Жиынға құқық қорғау және арнайы орган басшылары, салалық басқарма басшылары және онлайн селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.

Отырыста екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе облыс аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арналды. Жиында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов өңірдегі жол-көлік ережелерін бұзу дерек­теріне тоқталып, жол қауіпсіздігін сақтауда атқарылған кешенді жұмыстарды баяндады.

Өткен жылы аймақта жол ережелерін бұзудың 122 мыңнан астам дерегі тіркелген, оның 65 мыңнан астамы – жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құ­қық бұзушылықтар. Қала орта­лы­ғында құқық бұзушылықты авто­­матты түрде тіркейтін 13 «Арқан» стационарлы жылдамдық өл­шегіш құралы іске қосылған. Нә­тижесінде 6 ай ішінде 31920 жыл­дамдықты асыру дерегі тірке­ліп, 296 млн теңге айыппұл салы­нып, оның 251 миллионы өндірілген.

Шамшидин Амитов облыс әкімдігінің бастамасымен 7 стационарлы жылдамдық өлшегіш құралын орнату жұмыстары басталғанын атап өтіп, бұл бастаманың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімділігін айтты. Профилактикалық жұмыс­тар нәтижесінде өткен жылы облыста жол-көлік оқиғалары 13 процентке, қайтыс болу деректері 35 процентке, дене жарақатын алу 14 процентке  төмендеген.

Отырыста облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында көлік апаттарының алдын алуға, қауіпсіздікті сақтауға арналған өңірлік іс-шара жоспары әзірленгенін баяндады. Бұл ретте басқарма жол-көлік оқиғаларының жиілеу себе­біне талдау жасаған. Талдау көр­сет­кендей, жол-көлік оқи­ға­ларының басым бөлігі қарсы бағытқа шығу, маневр ережесін бұзу, жылдамдық асыру, арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер жолынан өту ережесін бұзу және арақашықтықты сақтамау салдарынан орын алады.

Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, полиция департаментіне жол- көлік оқиғалары өсім алған өңір­лерге талдау жасап, кешенді іс-шаралар жоспарын бекітуді, қауіпті учаскелерді анықтап, оларды жетілдіру бойынша тиімді ұсыныстар енгізуді тапсырды. Ал, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының басшысы қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жолға жақын орналасқан ауыл тұрғындарының жеке малын қараусыз қалдырмау бағы­тында жұмысты үйлестіруі керек. Жолаушы тасымалымен айна­­лысу­шыларға  түсіндірме жұ­мыс­­­тарын ұйымдастыруды, елді ме­кен­дер көшелеріндегі жол бел­гілерін қалпына келтіру жұмыс­тарын жандандыруды назарға салды.

Отырыста қаралған екінші мәселе – әйелдерді зорлық-зом­былықтан қорғау, отбасы тұр­мыстық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына бағытталды. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­­ламалар басқармасының бас­­­шысы Гаухар Қалмақова баян­­­да­ма жасап, атқарылған жұ­­мыс­тар жөнінде есеп берді. Өткен жылы әйелдер құқығына қарсы әрекет жасаған 663 азамат әкімшілік жауапкершілікке тар­тылған. Полицияның сенім теле­фонына әйелдерге қатысты проблемалық мәселелер жөнінде 110 рет қоңырау түсіп, зардап шеккен әйелдерге құқықтық, психо­логиялық көмек көрсетілді. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 51 азаматша дағдарыс орта­лық­тарына орналасты. Кешенді жұмыстар нәтижесінде әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар 40 процентке, оның ішінде отбасы тұрмыстық жағдайда жасал­ған қылмыстар 15 процентке төмендеген.

Жиында Гаухар Қалмақова тұр­­мыстық зорлық-зомбылық құр­­­бан­дарына әлеуметтік қыз­мет­­­тер көрсету бағытында атқа­рыл­ған жұмыстарды айтты.  Мә­се­лен, өткен жылы дағдарыс ор­­талығы арқылы 98 отбасына және осы жылдың екі айында 26 от­басыға 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген. Оңалту жұмыстарының нәтиже­сі­мен өткен жылы 82 отбасы, биыл 8 отбасы өз шаңырақтарына қайта оралды.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының басшы­сына тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнал­ған дағдарыс орталығының қыз­метін жетілдіру үшін ұсыныстар беруді, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бір­лесіп, дағдарыс орталығын ұлғайту үшін қосымша қаржы бөлу мәселелерін пысықтауды тап­сырды. Сондай-ақ, зардап шегіп, дағдарыс орталығынан бейім­деліп шыққан әйелдер мен олардың отбасы жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүр­гізуді, қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан, оның ішінде елді мекендерде тұратын балаларды қосымша білімге, спорт секцияларға және үйірмелерге барын­ша тартуды міндеттеді. Ал, полиция департаментіне отба­сылық зорлық-зомбылыққа бейім агрессорлармен нүктелі профи­лактикалық жұмыстар жүргізуді, облыс бойынша жиілеп келетін зорлық фактілерінің себептеріне талдау жасап, оларды болдырмайтын оңтайлы әдістерді тұжырымдап, ұсыныстар беруді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<