Грецияда тәулік бойы Димаштың әндерін беретін жаңа радио ашылды

838

0

Грецияда Димаштың шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды. «Dimash Greece» қазақ өнерпазының әндерін тәулік бойы трансляциялайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі dimashnews.com сілтеме жасап хабарлайды.

Радиостанция әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат желіде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады. Сүйікті әншілерінің шығармашылығын өз елінде кеңінен насихаттау үшін Грециядағы Dear-лат радио сәтті әрі нәтежиелі шешім болатынына сенімді.

«Dimash Kudaibergen Greece» фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн-радио арқылы Грециядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты. Грециядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Грецияда Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<