Асыл ана

442

0

 Жүрекке өзің сағыныш ұялатқан.

Өзіңменен атырған жиі еді ақ таң.

Мейіріңді бойда бар бізге төгіп,

Қорғап жүрсің жан ана қиянаттан.

Әлемнен таба алмайтын бала ма өлшем?

Қуанасың бәйгеден дара келсем.

Жырақтасам жаныңнан сағынамын,

Көшеден ақ жаулықты ана көрсем.

Салмақ салып, тағдырда санама шын,

Қалғанда топ шетінде дара басым,

Өзің ғана жұбатып алатынсың,

Түн ұйқыңды төрт бөліп жан анашым.

Ана, сен бет түзейтін дара шыңым.

Әрі ісіме алаңдар жанашырым.

Деудің өзі бақыттың белгісіндей,

Сендей асыл ананың баласымын.

Құндыз Әбутәліпова,

ҚМУ-дың студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<