Ақыл алам Абайдың әр сөзінен…

396

0

Ғажап ақын едің ғой Абай атам,
Өлеңіңді оқумен сая табам.      
Абай атам жансың ғой бір өзің-ақ,  
Ел жұртыңа өлеңіңмен ақыл айтқан.    

Абай ата сендей жанды қайдан табам,  
Енді тумас сендей ақын бұл ғаламнан.        
Абай ақын ел жұртына нақыл қылған,            
Жіпке тізіп інжудей қып өлең жырдан.

Жастайымнан жаңғырып ойым санам,
Өлең жазам қолға алып сия қалам.
Деді емес пе Абай атам сөз сырлаған,
Бұл дүниенің кетігіне бар да қалан.        

Мақтанба деді таппай ғылымды да,

Сол себепті ізденем ғаламторда.

Қазақ халқым асылым қайран жұртым,

Абай сынды ақынды ұғын.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»,
Айтты Абай осындай сөз жаңылмас.

Алласын ұлықтаған мүміндерге,

Деді Абай оларға Алла қаһар қылмас.

Сыйпаттады Абай ақын мезгілді де,

Арқау етіп өзінің төрт өлеңіне.

Өлеңдерін оқығанда елестейді,

Әрбір мезгіл алма кезек екі көзге.

Мінекей барлығы да Абай сөзі,

Ақын балаң қоспады артық сөзді.                     

Бізден қайта шыға ма, мына өзі,

Ұлы ақын, ардақты Абай сынды.

Теңіздей тұнық ойды мен ойладым,
Абай жайлы біршама сөз қозғадым.
Ау халқым, 175 жылдығы ғой,
Әрбір қазақ Абай десіп шын тойласын!

Нұрдәулет ҚАПАР,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<