Әлем таныған Абай

770

0

Ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы жер-жерде кеңінен атап өтілуде. Таяуда Сырдария ауданындағы №44 орта мектепте «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Шара ақынның өмірінен алынған көріністермен басталды. Балалық шағынан даңқы шыққан кезге дейінгі көрініс көрермен жүрегіне жол тауып, әсерлі шықты. Абай ролін сомдаған мектеп оқушысы Айдын Әлихан «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін нақышына келтіре орындады.
– Өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді ортаға оралтқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлт­тық болмысымыздың бойына қан жүгіртті. Бұл шара – соның айғағы. Өскелең ұрпақ тарихта кімнің өткенін, оның елге қандай себі тигенін білу керек. Әлем Абайды қазақтың әр баласы жете танығаны жөн. Біз сол бағытта еңбектенудеміз, – деді ұйымдастырушы Зухра Өтепова.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<