Ұстаз ұсынысы

672

0

Шәкірттер, бір – біріңмен ұрыспаңдар,
Мінездің мінін алып, дұрыстаңдар!
Жолына жамандықтың жақын бармай,
Күтініп күн ілгері жылыстаңдар!
Күшіктей күжірейіп бір – біріңмен,
Ұстасып, от басында жұлыспаңдар!
Себепсіз сотанақтық қылғандарды
Тезге сап қызыл тілмен, «қылыштаңдар»
Жасыңнан оқу оқып, үлгі үйрен де,
Ел билеп, ұлғайған соң, тыныстаңдар!
«Болайын жақсы жігіт!» дегендерің
Ұстаздың осы айтқанын шын ұстаңдар!
Өмір, бала көңілдегі шалқар айдын емес. Кез келген дүниенің немесе құбылыстың басы мен аяғы болатыны секілді басталған өмірдің де ақыры болады. Бастауын таудан алған бұлақ секілді баланың тәрбиесі мен біліміне жауапты ата-ана мен алдыңғы буын өкілдері. Сондай үлкен міндетті сезіне отырып, жаңа буын жастарға барынша тәрбие алуға, терең білім игеруге үндейді. Ақындық ардың ісі дер болсақ, ар алдындағы да, адамзат алдындағы да міндетін адал атқарған шайырдың иманының тазалығы еді.

Берік Саймағанбетов,

жыршы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<