Ел аузынан жеткен әңгіменің бірі мынадай: Бөкей ордасынын белгілі суырып салма ақыны Бисен Жанкенов жолдастарымен жездесінің үйіне қонаққа барады. Қонақтарға арнап лақ сойылып, ас келген соң жездесі:
– Бисенжан, мынау «Ұрысмер» деген лақ еді. Енесі өліп қалып, басқа ешкілерді ұрлап емген соң, осылай аталып кеткен болатын. Бөтекесін қарашы майдан көрінбейді, бітеу екен. Сендерге бұйырған екен деп, – мақтанып желпініп қояды.
Бисен үндемейді. Ас желініп болған соң Бисен жездесіне былай деп бата беріпті:
Лақ болсаң «Ұрысмер»,
Қазірдан-ақ біле бер.
Мына отырған жездемді,
Ақиретте болған кезде,
Сүзе бер де, сүзе бер!
Жинақтаған:
Бақытжан Түменбай
Тарих пәні мұғалімі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<