Әкім орынбасары тағайындалды

681

0

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және әкімнің өкімімен Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, осы бөлімнің басшысы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болды. 2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<