Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу

531

0

Еуро одаққа мүше елдер коронавирусқа қарсы ресейлік не қытайлық вакцинаны қолдануына болады. Бұл туралы ЕО-тың ішкі нарық жөніндегі еурокомиссары Тьерри Бретон мәлімдеді.

Брюсселде Еуропа тұрғындарын вакциналау мәселесін жеделдетіп қолға алу қажеттігі талқыланды. Чехия мен Венгрия ресейлік препаратты пайдалануға дайын екендіктерін жариялады.

АҚШ президенті Джо Байден Техас пен Миссисипи штатындағы маска тағу режимін алып тастау ақылға қонбайтын шешім деп сынға алды.
Губернаторлардың қателігін айтқан Байден, вакцинация науқаны жүріп жатса да әлі де сақтық шараларына мән берген жөн деп санайды.

Францияның Ла-Манш бұғазсына жақын орналасқан Па-де-Кале аймағында демалыс күндеріне локдаун жарияланды. Әзірге, мұндай шектеу шарасының қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Жергілікті билік індет асқынып бара жатқан соң осындай шешім қабылдаған.

Германияда наурыздың соңына дейін локдаун жалғасады. Ел билігі осындай шектеу шаралары арқылы 16 федералды аумақтың екеуінде вирус жұқтырғандар саны төмендейді деп болжайды. Мұндай тәсілді Берлин бірнеше айдан бері қолға алып келеді.

Дания 65 жастан асқан азаматтарға AstraZeneca вакцинасының қолдану туралы шешім қабылдады. Ел билігі мұндай қадамға баруының басты себебі Шотландияда жүргізілген зерттеулердің оң нәтижесімен байланысты екенін мәлімдеді.

Ұлыбритания билігі елге коронавирустың «бразилиялық» штаммын әкелген алтыншы адамды анықтады. Алғашқы бес адамды бірден тапқан. Ал тест қорытындысында індет жұқтырып келгені белгілі болған алтыншы адам дәрігерлерге мекен-жайы, жеке басына қатысты мәліметтерді қалдырмай кетіп, біраз әуреге салған.

Egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<