Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі?

110

0

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдерімен онлайн брифинг барысында Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖСН мәліметтері ҚР ДСМ-да орналасқан орталық серверге жіберіледі. Қазір сәйкесінше шара қабылдау үшін алгоритм ойластырылып жатыр. Бизнес нысаны шара қабылдай алмайды, ол тек ереже бұзушыларды анықтайды», – деді қаланың бас санитар дәрігері. Жүйенің техникалық сипаттамалары жайлы ТОО Digital innovation and transformation ЖШС директоры Виталий Пустовойтенко жауап берді. Оның айтуынша, азаматтар жеке мәліметтерінің біреуге жария болатынына мүлде қауіптенбеуі керек.

«Қазір бұл мәліметтерді ешқайда жібермейміз. Біз тек ЖСН сандарын базаға енгізіп тексереміз. ЖСН нөмірі бойынша адамның қызыл, сары, немесе жасыл мәртебесі анықталады. Егер мәлімет болмаса, адам үш күн ішінде ПТР тест тапсырмаған. Егер 7-8 күн бұрын тапсырсаңыз, нәтиже теріс болса, сіздің мәртебеңіз көк болады. Ал «қызыл» мәртебе жасыл мәртебеге ауыспайынша өзгермейді. Егер адам үш күн жасыл мәртебеде жүрсе, 2-3 күннен соң қайтадан көк мәртебеге түседі. Яғни базада тіркеліп қалып қоймайды», – деді Виталий Пустовойтенко.

Цифрландыру саласының маманы айтқандай, Ashyq қосымшасы кәсіпкерлер арасында оң бағаланып отыр. Жандарбек Бекшин осы қосымшаның қай мекемелерде орнатылатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз