Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

704

0

Биыл қала күніне орай отшашу болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дегенмен қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Оның 90-ға жуығы – елорданың бүкіл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.

Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<