IPO-ға қатысу мүмкіндігіңіз бар

545

0

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде IPO тақырыбында көпшілікке ақпараттық-түсіндіру жұмысын бастайды. Кездесу 60-тан астам қалада өтеді деп жоспарлануда. Оған «Самұрық-Қазына»  АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының, брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сарапшылар қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады. «Самұрық-Қазына» АҚ барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді етеді. Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат таратуды жалғастырады..

Біздің облыстағы кездесу 16 қыркүйекте, сағат 10.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<