Кәсіби лекторлар дәрісі

455

0

Президент тапсырмасына сәйкес сайлау комиссияларын кәсібилендіру бағытында облыстық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тұрақты негізде қызмет атқаруда. Бұл өзгерістер сайлау жүйесінің едәуір күшейуіне және әрбір тұрақты мүшенің жауапкершілігін арттыруға өз септігін тигізеді.

Өңірде жаңадан сайланған комиссия мүшелерінің сапалық құрамы тәжірибелі мамандармен толықты. 

Комиссия төрағасы Әділбек Ерсұлтанов мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен, сайлау науқанын өткізуде тәжірибесі мол. Бұған дейін 3 жылға жуық тұрақты негізде облыстық сайлау комиссиясының мүшесі қызметін жоғары жауапкершілікпен атқарды. Еңбек жолында облыс әкімі аппараты басшының орынбасары, Аманат  партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары, аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасары, аудан әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.

Ал комиссия төрағасының орынбасары, хатшысы  – 10-20 жылдан бері сайлау процесін ұйымдастыруға атсалысқан тәжірибелі мамандар. Комиссия мүшелерінің де мемлекеттік қызметте және ақпарат саласында тәжірибесі толысқан.

Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау науқанын өткізуде әрбір сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелерін кәсібилендіру бағытында оқыту жұмыстары толық аяқталды.

Облыстық сайлау комиссиясының Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының  облыстық филиалымен бірлескен оқыту жұмысына кәсіби лекторлар тартылып, түрлі тақырыпта дәріс берілді.

Алғашқы үш күн Қызылорда қаласында бастау алып, аудандарда көпшелі оқу семинарына ұласты.

Оқыту барысында учаскелік, округтік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау туралы заңнамадағы өзгерістер, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, байқаушылармен жұмыс жасау, дауыс беру тәртібі, кандидаттармен жұмыс жүргізудің жолдары тақырыбында ақпараттар алып, өзара пікір алмасты.

Айта кетейік, оқыту семинарлары әрі қарай каскад әдісімен жүргізіледі, қосымша 1500 адам оқытылады. Мұнан бөлек сall орталық мамандары да оқытылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<