Қызылорда облысының электр энергиясын тұтынуы

161

0

Қызылорда облысының тұтынушыларын электрмен жабдықталуы Жүйелік оператор бекіткен және электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарында көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамасын регламенттейтін электр энергиясын өндіру-тұтыну кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Жедел ақпаратқа сәйкес 2020 жылғы 14 мамырдағы ЭЖҰ (энергиямен жабдықтаушы ұйымдар) және ӨЭК (өңірлік электр желісі компаниясы) бөлінісінде электр энергиясын тұтыну өткен тәулікте 2062051 кВт*сағатты құрады, мәлімделген электр энергиясы 2179807 кВт*сағат болғанда, төмен тұтыну 117756 кВт*сағатты құрады. Нақты тораптық жүктеме ең жоғарғы 21сағ. 00минутте – 118 МВт, ең төменгі 05сағ. 00 минутте – 61 МВт, орташа тәуліктік – 90,3 МВт құрады. Тұтыну меншікті энергия көздерінен – «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК – 24,5 МВт, «СКЗ-У» ЖШС-7,3 МВт және сыртқы көздерден 58,4 МВт жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті электр станциялары белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істеуде – деп хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз