Шұжық өнімдеріне сұраныс жоғары

339

0

Фото: кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Қазалы ауданының тұрғыны Жеңіскүл Қыстаубаева бүгінгі күнге дейін түрлі кәсіппен айналысып, барынша өзін сынады. Кәсіпкер келіншек қазір шұжық шығаруда. Оның өнімдері «Қазалы шұжығы» деген атаумен аудан тұрғындарына таныла бастады.

Аталған кәсіпті табыс көзіне айналдыруды мақсат тұтқан Ж.Қыстаубаева Астана қаласына арнайы барып, шұжық дайындау курсын оқыды. Өз қаражатына бастаған жобаның кұны 3 млн теңгені құрайды. Цехта заманауи жабдықталған құрылғылардың арқасында күніне 600 келі шұжық өндіріледі. Шикізатты қазалылық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алады.

Жалпы мұнда шұжық өнімдерінің 10 түрі бар. Бүгінде сұраныс жоғары. Қазір кәсіпкер шұжықтарын кент ішіндегі азық-түлік дүкендеріне өткізіп отыр.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<