Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

284

0

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы Сыр өңірінде орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерінде «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы Мемлекеттік бағдарламасы» және «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламаларын іске асыру  мақсатында кездесу жұмыстарын дәстүрлі түрде  ұйымдастырады.
Осы мақсатта шараның жалғасы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты 2019 әскери бөлімінде өтті.
Айтулы шараға, Қызылорда облысы Дін басқармасының теолог мамандары Б.Оспанов және Б.Жақан, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының  аға прокуроры әділет майоры Б.Нұрмаханбетов, ҚР ҰҚК 8-ші  әскери полиция бөлімінің жедел уәкілі аға лейтенант Б.Жаппаров пен Тәрбие бөлімінің аға офицері майор Ө.Аманбаев, аталған бөлімнің жеке құрамы, сонымен қатар «Күз-2018» толықтырылымының жас сарбаздары қатысты.
Жиының мақсаты әскери ортада құқықбұзушылықтың алдын алу, теріс қылықтар мен қылмыс жасағандағы жауапкершіліктердің қатаңдығын заң аясында  түсіндіру болып табылады.  
Сонымен қатар, жеке құрамды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбиені қалыптастыру бағытында  баяндамалар тыңдалды.
Теолог маман Б.Оспанов Қазақстан Республикасындағы тиым салынған діндер туралы ақпаратты толыққанды жеткізді. Дін тақырыбында қозғалған мәселелер қызықты болғаны соншалық, жиын қатысушылары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, емін-еркін пікір алмасты.
Ал, мамандар тұщымды жауаптарын беріп,  түрлі мысалдар келтірді.
Жиын соңында келген қонақтармен естелікке суретке түсіп, шекарашылар келесі кездесуді асыға күтетіндерін айтты.
Себебі, ұйымдастырылған шара арқылы, жан-жақты ізденіске шыңдайтынын жеткізді.
Ел іргесінің тыныштығы мен ел ішінің бірлігін сақтауда әр шекарашының діни және құқықтық сауаты жоғары деңгейде болуы қажет.
Қызылорда гарнизонының
әскери прокуратурасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<