Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары

438

0

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында қала көлемінде күшейтілген тәртіппен түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылуда.ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-тен таңғы 6.00-ге дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.Жоғарыда аталған жауапкершілік бойынша аралау барысында анықталған кәмелетке толмағандардың ата-анасына ескерту, хаттамалары рәсімделді.

Оқу жылының қарсаңында облыс орталығына ауылдық және елді мекендерден студент жастардың келуі жиілей түседі. Осыған сәйкес аталмыш бағыттағы алдын-алу және қауіпсіздік шаралары жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<