Жастарға арналған семинар-тренинг

764

0

Тамыз айының 1-4 жұлдызында аудан жастары арасында «Өмірлік маңызды дағдылар» атты семинар-тренинг өтті. Тренингке көшбасшы жастар, ҮЕҰ өкілдері мен кент және ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары қатысты. Тренингтің мақсаты – ынталы және бастамашыл топтардың ортасын қалыптастыру.

«Өмірлік маңызды дағдылар» курсы 7 модулді семинар-тренингтен тұрады:

  • Командадағы ынтымақтастық
  • Сыни ойлау
  • Креативты ойлау
  • Шешімдер қабылдау
  • Мақсат қою
  • Уақытты басқару
  • Қажеттіліктерді анықтау және командаларды қалыптастыру

Осы тренинг арқылы белсенді топ өкілдері өзара тәжірибе алмасады, біліктілігін арттырып, қабілеттері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

– Жыл сайын волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатында министрлік тарапынан шағын гранттар байқауы өтеді. Біз белсенді топтарды байқауға қатысуға ықпал жасауға тиіспіз. Көбіне ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын жобаларға басымдық беріледі, – деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.

– Бастамашыл топтарға түрлі бағытта кеңес беруді тоқтаусыз жүзеге асыруға тиіспіз. Қазіргі қоғам үздіксіз дамуды талап етеді. Берілген мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану арқылы ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларға қолдау білдіре аламыз, – деді Qosyl командасының мүшесі, тренер Нұрасыл Жасұланұлы.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ-нің «Қазақстанда БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам интситуттарын тарту» жобасының шағын гранты аясында іске асуда.

Нұрасыл БЕКМАТОВ,

«Qosyl» командасының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<