ЖОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБА

271

0

Елбасының жаңа Жолдауы халық арасынан қолдау тапқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Жаңа мазмұн мен тың бағыттармен толыққан «Ауыл – ел бесігі» жобасы, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтетін «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестіктері қоғамдағы жаңғыру үдерісіне зор серпін беретіні анық. Мәдени-рухани мекеме ретінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Жолдаудың «Өз жеріңді танып біл!» атты жаңа бастамасы аясында «Ауылға жол» жобасын ұйымдастырды. 

Қаладағы №6 орта мектеп оқушылары жоба шеңбе­рін­дегі шараның алғашқы қаты­сушылары бол­ды. Облыс­тық музейдің «Ар­хео­ло­гия және этногра­фия» ғылыми-зерттеу бөлімінің ұй­ым­дастырған экс­курсиялық сая­хаты балаларға ауыл тірші­лігімен танысуға мүмкін­дік берді. Оқушылар арасын­да «Зы­мыран» ойыны өткі­зіл­ді. Балалар ауылдың тұр­мы­сы­мен танысып, жыл­қы шаруа­шылығымен айналы­­сатын «Абай» шаруа қожа­лығына бар­ды. Ұлдар тай ұстап мі­ніп, қыз балалар бие сауған әже-апаларына қолғабыс етті. Саяхат барысында төрт тү­лік­ке байланысты мақал-мә­телдер мен нақыл сөздер­ден топ арасында жарыс ұйым­дас­тырылды. Лиро-эпостық жыр­лардағы батырлар арғы­мақ­тарының есімдері еске тү­сірілді. Ауыл тұрмысына бай­ланысты бұйымдар аталып, ат­қаратын қызметтері бала­ларға көрсетілді.

Жеткіншектерге ауылдың тұр­мыс-тіршілігін, кәсібін та­­ныстырып, ұлттық салт-дәс­­түрді насихаттау, мал ша­­­руа­шылығына қатысты ырым-тыйымдарды көрсетуді мұрат тұтқан жобаның алғаш­қы шарасы нәтижелі болды.        

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<