Жыл басынан бері 66 өрт оқиғасы орын алды

636

0

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев хабарлады.

Оның айтуынша, тілсіз жау жағдайы өткен жылмен салыстырғанда 34,8 процентке көбейіп отыр.

Өрттің басым бөлігінің шығу себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің , тұрмыстық газ қондырғыларының ақаулығынан болып отыр.

– Бүгін 06.00 шамасында 5 адам табиғи газдан уланған. Адамдар аман. Ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында. Соңғы уақытта өрттің жиі шығуы тұрғындардың қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамауынан, немқұрайлы қарауынан пайда болып отыр. Осы орайда шаһар тұрғындарынан өрт қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтауды сұраймыз, – деді Руслан Сламбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<