Қазақстанда 8,16 млн адам вакцина алды

551

0


Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 қазандағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 168 114 адам салдырды, II компонентпен 7 329 137 адам егілді. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 962 838 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 863 661 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 853 984 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 741808 адам екінші бөлігін қабылдаған.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<