Аграрлық саланың алатын орны ерекше

820

0

Сыр өңірінде аграрлық саланың алатын орны ерекше. Оның ішінде күріш шаруашылығы аймақта негізгі кәсіп көзі саналады.

Биыл егіншілер алдында бірқатар кедергі кездесті. Көктемде әлемді жайлаған пандемия елдегі еңбекші қауымға да елеулі кедергі келтірді. Сондай қиындыққа қарамастан облыс басшылығының қолдауымен жоспарланған көлемде егін егілді. Ал жаз айларында дария арнасында су деңгейі төмендеп, диқандар тағы да әбігерге түсті. Сыр диқандары бұл сәтте де қиындықтан жол тауып, табанды тірлік жасады. Күріштің әр гектарынан  61,8 центнерден өнім жиналды.  

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндап берді.

Білуімізше, 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Олардың жалпы көлемі 2,3 миллиард текше метрді құрайды. Шынын айту керек, бұл проблемалар ұзақ жылдан бері көтеріліп келетін. Сондай-ақ, Қызылорда және Әйтек су тораптарын қайта жаңғырту, Жиделі су қоймасын жөндеу, Жалағаш ауданындағы ирригациялық дренаж жүйесін жетілдіру бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстарының да басталуы да елдегілердің көңілінен шығып отыр.

Жалпы, облыста ауыл шаруашылығынан өзге салаларды да дамытудың жоспары жасақталған. Демек, ілгерілеу іркілмейді деп сенеміз.

Абзал ЕРАЛИЕВ,

Қазақстан Республикасы

 Парламенті Мәжілісінің депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<