Қоғамдық көлік – кеңес назарында

480

0

Бүгін де аталған мәселе бойынша жеке жолаушылар тасымалдаушылардың бағыттарына қоғамдық бақылау өткізілді.

Айта кету керек, қалада 32 бағыт және қала маңына 7 бағыт бойынша қоғамдық көліктер қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і 5 бағытта (1,11,14,17,18) және қалған бағытта жеке кәсіпкерлер «Ақмешіт» ЖШС 7 бағытта (5, 6, 7, 8, 13, 16, 26), «Эмбывалый» ЖШС 5 бағытта (3, 27, 21, 31, 32), «Арғымақ орда» 4 бағытта (30, 15, 2, 4) жолаушы тасымалымен айналысуда.

Алдымен кеңес мүшелері Темір жол вокзалына барып, осы маңайдағы №5 және №4, №11қоғамдық көліктердің тасымалдаушылармен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдап, жылдамдықты асырмай, уақыт жиілігін қалыпқа келтіру, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіш құралдарының болуы қажеттілігін ескертілді.

Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық полиция басқармасың, көлік инспекциясының, қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты мамандары қоғамдық көлік жүргізушілеріне уақыт жиілігін қалыпқа келтіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Қоғамдық бақылау жүргізу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Атап айтқанда:

№6 бағыттағы («Ақмешіт» ЖШС) көлікте жүргізуші мен кассирдің киім үлгісінің сақталмағандығы, көлікте артық заттардың бар болуы, тазалық сақталмағаны, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіш баллондардың, «Қызмет көрсетуші» парақшасында ақпараттың болмауы;

№11 («Қызылорда» автобус паркі») бағытындағы көлікте тазалықтың сақталмауы, дәрі қобдишасындағы дәрілердің мерзімі өтіп кеткендігі;

№21 («Эмбывалый» ЖШС) бағытындағы көлікте орындықтарының түгел болмауы, өрт сөндіргіш баллондарының жарамсыздығы, аппатық жағдайларға арналған балғаның болмауы;

№2 («Арғымақ орда») бағытындағы көлікте өрт сөндіргіш баллондарының мерзімі өтіп кеткен;

Қалалық қоғамдық кеңес жанынан құрылған «Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауылшаруашылық және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия» төрағасы М.Кәрімбаев бастаған Кеңес мүшелері тарапынан қазіргі таңда қоғамдық көлік санының азайып кетуі, қаланың кейбір аудандарына қоғамдық көлік мүлдем бармай отырғандығы, сенбі, жексенбі күндері жеке тасмалдаушылардың бағытқа шықпауын ескере отырып, жеке көлік тасымалдаушыларды ынталандыру, кей бағыттарда диспетчерлік орындардың жоқтығын жою бағытында жұмыс жасау, субсидия бөлу, көлік саласын толығымен зерделеуге жергілікті атқарушы орган өкілдеріне ұсыныстарын білдірді.