Қызылордада банк терминалын бұзғандар қылмыс үстінде ұсталды

394

0

12 наурызда түнгі сағат 3:30 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының полиция бөліміне кенттегі дүкендердің бірінде белгісіз адамдардың жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы дүкеннің шатыры арқылы ішіне түсіп, «Каспий банк» терминалдарын болгарка арасымен кесіп жатқан екі азамат ұсталды. Олардың 34 және 42 жастағы кент тұрғындары екені белгілі болды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнынан заттай дәлел ретінде қылмыс құралдары алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 бөлігіне және 188-3 баптың 3 бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мұрат Жетпісбаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<