Серік Ыдырысов пен Мұхтар Ниязов оқушылармен кездесті

1171

1

Қызылорда қалалық білім бөлімінің №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінде «Әр ауылдың болады бәйтерегі» тақырыбында елімізге белгілі айтыскер ақын, ҚР мәдениет қайраткері Серік Ыдырысов пен оның шәкірті, үш мәрте алтын домбыра иегері, Мұхтар Ниязовпен кездесу өткізілді.

Шара оқушылардың ұлттық рухани байлығын нығайту, адамгершілікке баулу мақсатында қазақ тілі бірлестігі мен мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өтті.

Ақындар өздері туралы қызықты деректермен бөлісе отырып, жастармен ашық сұхбат құрды. Табысты болудың сыры мен сөз құдіреті, айтыс өнеріндегі қоғамның өзекті мәселелерінің айтылуы мен орындалу жайлары, тұлғалық қасиеттер жайлы ой-толғамдарымен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар қонақтарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<