Неліктен кофеден кейін су ішу керек?

2084

0

Құрамында кофеин мөлшері көп болғандықтан бұл сусын сергітеді, жұмысқа қабілеттілік пен зейін қоюды арттырады және тапсырмаларға жақсырақ көңіл бөлуге көмектеседі. Бұл жөнінде Мassaget.kz жазды.

Алайда кофенің жанама әсерлері де бар: ол ағзаны сусыздандырады, тіс эмалін бояйды және артериялық қысымды көтеруі мүмкін. Өзіңізді бұл жағымсыз салдарлардан қорғау үшін кофемен бірге бір стақан су ішу жеткілікті.

Салқындатылған қайнаған сумен кофе ішу дәстүрі шығыс елдерінен келген. Ертеде ол жақтарда суды, бірінші кезекте, кофенің дәмін жақсырақ сезу үшін ішетін болған: егер кофенің әр татымынан соң рецепторларды сумен «тазартса», оның дәмі айқын бола түседі.

Қазір де кез келген маман кофені сумен ішуді ұсынады. Алайда олар оны мүлдем басқа себептерге байланысты ұсынады.

Біріншіден, кофеин несеп айдағыш қасеитке ие болғандықтан, ол ағзаны сусыздандырады. Бұл көптеген жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін, сондықтан ағзадағы сұйықтық деңгейін бақылау маңызды. Кофеден кейін 1 стақан су ішу арқылы су тепе-теңдігін қалпына келтіре аласыз және ағзаның сусыздану қаупін азайтасыз.

Екіншіден, кофе өсімдік бояғыштарына бай. Егер кофені жиі ішетін болсаңыз, ол тіс эмалінің түсін өзгерте алады. Бұл жағдайда да су көмекке келеді. Кофе қалдықтарын сумен жуып жіберу арқылы кофе қышқылдары мен эмальдің өзара әрекеттесуіне кедергі келтіресіз. Кофеден соң бірден тіс тазалауға болмайды: ол тіс денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.

Сондай-ақ, кофеин артериялық қысымды бірден көтеріп жіберуі мүмкін. Бұл гипертониямен қиналатын адамдар үшін қауіпті. Су кофені сұйылтады, нәтижесінде жүрек пен қан тамырларға жүктеме азаяды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<