Қызылордада инновациялық идеялар фестивалі өтеді

823

0

Қызылордада IT саласындағы инновациялық идеяларыңызды жүзеге асыру үшін «Inno.Fest» Qyzylorda фестивалі өткізіледі.


Фестиваль Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өңірімізде ІТ саласына қызығушылықты арттыру, жобаларға қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 15-16 желтоқсан күндері өтеді.

«Inno.Fest» Qyzylorda – 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін («Ақпараттық технологиялар», «Контент және Медиа», «Кино және видео», «Smart Qyzylorda» бағыттары бойынша) инновациялық жобаларды жасауды мақсат ететін іс-шара.


Бұл фестивальге жаңа жоба жасауға идеясы бар, бірақ оны жүзеге асыруға ресурстары жеткіліксіз кез келген адам қатыса алады. Қатысушы өз жобасын іске асыру үшін команда жинау мүмкіндігіне ие болады. Фестиваль форматы бойынша бір тәулік ішінде (24 сағаттың ішінде) бүкіл команданың күш-жігерінің арқасында тек идея болған жоба шынымен жұмыс істейтін стартапқа айналады.

Фестиваль күндеріне дейін қала және облыстың барлық аудандарында жобаны насихаттау шаралары ұйымдастырылатын болады.


Іс-шараның басты ұйымдастырушылары: Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасы мен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ.Жобаның серіктестері – «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры», «Astana Hub» халықаралық технопаркі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті», «Болашақ» университеті, IT Park, «Абзал және К» ТС, «Grand master» бағдарламалау мектебі» ЖШС, «Сыр Үміті» Жастар қауымдастығы, «Қазақстан ІТ-мамандары ассоциациясы», «Qosyl» жастар орталығы, «Maнсап» мектебі, «Kyzylorda Business Hub».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<