Төлемдерден кім босатылады?

1226

0

Карантин кезеңінде ме­дициналық сақтандыру тө­лемдерінен кім босатылады? Егер кәсіпкер нөлдік кірісті ұсынса, ол МӘМС үшін жарна аударуға міндетті ме? Егер қызметкер екі жұмыс істесе, МӘМС үшін жарнаны табыстың екі көзінен аударуға міндетті ме?


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыс бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова осы және басқа да сұрақтарға жауап берді.


– Төтенше жағдай режимі салдарынан ел билігі дағда­рысқа қарсы әлеуметтік және экономикалық қолдау шара­ларын қабылдады. Соның бірі – медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік мерзімін ұзарту. «Салық демалысы» кімге және қай мерзімге дейін берілді?


– Естеріңізге сала кетейін, Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша сақтан­дырылмаған азаматтардың мін­детті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйе­сінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Осы уақытқа дейін барлық азаматтар шартты түрде сақ­тандырылған болып саналады және МӘМС жүйесіне қаты­сушы мәртебесіне қарамастан меди­циналық көмекке жүгіне алады.


Содан кейін, Үкімет қаулысына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру тө­лемдерінен босатылды, яғни, осы кезеңде ШОБ, сонымен қатар кейбір ірі кәсіпорындар өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыру төлемдері мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін боса­тылған.


Жеңілдік берілген кәсіп­орындардың қатарына каран­тин енгізуден ең көп зардап шеккен санаттар: сауда, мей­рам­хана және қонақүй бизнесі, туристік қызметтер, кинотеатрлар және т.б. жатады. Шағын және орта бизнеске арналған 29 іс-шара 10 ірі бизнес үшін ұйымдастырылған. Басқа шағын және орта бизнес субъектілеріне медициналық сақ­тандыру бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуді 2020 жылдың 1 маусымына дейін кешіктіруге рұқсат берілді.


Медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен ауда­рымдарды Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге кірмейтін барлық қалған жұмыс беру­шілер төлейді.
Жеке кәсіпкерлерге алты ай ішінде, 1 қазанға дейін өз қызметкерлері үшін ау­да­рым­дарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек, яғни ЖК ай сайын 1,4 АЕК-тен 5% мөлшерінде жарналарды төлеуді жүзеге асырады яғни 5% х (1,4 х 42 500) = 5% х 59500 = 2975 теңге.


– Егер кәсіпкердің табысы болмаса, ол нөлдік кіріс тап­сырады. Бұл жағдайда не істеу керек?


– Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіп­кер ретінде тіркеу есебінде тұр. «МӘМС туралы» Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жаса­маған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөл­шерінде айыппұл салы­нады.


Егер жеке кәсіпкер, оның қыз­меткерлері 15 жеңілдік сана­тына жататын болса әлеу­меттік медсақтандыру жүйе­сіне жарналар төлемейді. Олар үшін төлемді мемлекет жүргізеді.


– Мысалы, қызметкер ЖШС-да немесе ЖК-да және бір мезгілде бюджеттік ұйымда еңбек етеді. Онда МӘМС үшін жарналарды табыс­тың екі көзінен аударуға міндетті ме?


– Заңға сәйкес, егер азамат екі жұмыс істесе және жиынтық табысы 10 ЕТЖ-дан аспаса онда МӘМС жарнасын екі көзден төлеуге тиіс. Ал, егер табысы 10 ЕТЖ-дан асып кетсе, онда бір көзден алу керек. Сонымен, ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшеріне тең келетін табыс сомасынан жарналар төлеген кезде, растайтын құжат пен жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді. Мұндай құжат – жұмыс беруші немесе салық агенті берген, есептелген және төленген жарналары туралы анықтама.


Егер жеке кәсіпкер жұ­мыскер болса, онда жұмыс беруші жарна есептеу объек­тісінің 2 % мөлшерінде ауда­рымдарды төлейді, ал жала­қының 1 % мөлшерінде тө­ле­неді. Бірақ, өздеріңіз біле­тіндей, осы жылдың 1 қазанына дейін жеке кәсіп­керлер өз қызметкерлері үшін МӘМС-ке жарналар мен аударымдар төлеуден босатылады.
«МӘМС туралы» Заңға сәйкес, әрекетсіз деп танылғандардан басқа, жеке кәсіпкерлер жарна төлеушілер болып табылады. Осылайша, егер ЖК қызметі тоқтатылса, жарна төлеудің қажеті жоқ.


– Бірақ МӘМС жүйесінде тұрақты болу үшін және барлық медициналық қыз­меттер па­кет­теріне қол­ жеткізу үшін ай сайын жарна төлеу керек емес пе?


– Иә, «сақтандырылған» мәрте­бесін алғаннан кейін сіз арнайы мамандардың кеңестеріне және стационарлық көмек­ке, жарақаттан немесе опера­циядан кейін қалпына келтіру еміне дейінгі кеңейтілген меди­циналық көмек пакетіне қол жеткізе аласыз. Егер бұрын сіз көптеген медициналық қызметтерге ақы төлеген болсаңыз, осы жылдан бастап, дәлелдемелеріңіз болса, сіз үшін медициналық сақтандыру қоры төлейді.


«МӘМС туралы», Салық заң­намасына сәйкес, салық есептілігін беруді тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылған жеке тұлғалар мен жеке тәжірибе алушылар үшін 2020 жылдан бастап МӘМС жарнасын төлеу бойынша міндеттемесі қалады. Ағым­дағы жылдың ай сайынғы төлем мөлшері 1 ең төменгі жала­қының 5% құрайды (2125 теңге).


Сонымен қатар, бірыңғай жиынтық төлем де өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, ресми түрде еш жерде тіркел­меген және ресми табысы жоқ тұлғаларға сақтандырылу мәртебесін береді. 2020 жылы БЖТ көлемі қала тұрғындары үшін 2651 теңгені, ауыл тұрғындары үшін 1325 теңгені құрайды.


– Егер жарна төлеу мерзімі өтіп кетсе, сақтандыру пакеті бойынша медициналық кө­мекке жүгінуге бола ма?


– Егер сіз МӘМС-ке жарна төлей бастаған болсаңыз, бірақ 3 айдан астам үзіліс болса, онда сақтандыру мәр­те­бесінен айырылып қала­сыз. Сақтандыру пакеті шең­берінде медициналық қыз­меттерді алу үшін бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін төлем жасау қажет. Бұл жағдайда, сақтандырылудың мәртебесіне қара­мастан те­гін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек қолжетімді.


Естеріңізге сала кете­йін, карантин кезеңінде меди­ци­налық көмек көрсету мәсе­лелері бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған бола отырып, қандай меди­ци­налық қызметтерге, пациент­тердің құқықтарын қорғау бойынша сұрақтарымен Әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру қорының байланыс орталығына 1406 тегін нөміріне қоңырау шала аласыз.


Сондай-ақ медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бо­йынша Qoldau-24/7 мо­бильдік қосымшасы халыққа қызмет көрсетеді. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұр­ғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүр­гізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qol­dau-24/7 мобильді қосым­шасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.


– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<