Тест: Сіз қандайсыз?

612

0

Осыған дейін төзімділік дәрежесі, уақыт үнемдеу, ренішке бейімділік жөнінде бірнеше тест жариялаған болатынбыз. Кезекті материалымыздың шарты мынадай. Суретке қарап, көзіңізге бірінші еленген бейнеге зер салыңыз. Реттік нөміріне сәйкес мәтіннен өзіңіз жөнінде мәлімет алыңыз.
1. Бейқам, ойнақы, мұңаймайтын адамсыз.
Сіз үшін өмір – бостандық. Оның әр сәтінен ләззат алып қалуға тырысасыз. Соған орай, «Өмірге бір-ақ рет келеміз!» деген өмірлік ұран ұстанасыз. Жаңа нәрселерді байқап көруге әуессіз, әр сәттен жаңа сезім сезінгіңіз келеді. Бір нәрсені басқа жағдайға байланыстырып қоюдан артық жаман нәрсе жоқ. Өзіңізді қоршап тұрған шекараның барлығын зерттеумен өтесіз және кез келген тосын сыйды қуана қабылдайсыз.
2. Сіз тәуелсіз, ешкімге илікпейтін тура жансыз. Өз бағытыңыздан айнымайсыз және жолыңызға тосқауыл болатын ешбір факторды мойындамайсыз. Жұмыста не басқа жерлерде орнымен қолданатын әртістік қабілетіңіз бар. «Сән» шекарасына мүлдем бағынбайсыз. Тек өз үкіміңіз бен танымыңызға сай деп таныған ұғымды ғана қабылдайсыз.
 3. Сіз өте сезімталсыз. Өз толғамыңыз бен сараптауыңызға тұрақсытыз. Келбетіңізді өзгертпейсіз. Беймаза адамдардың бос, мылжың әңгімесін естігенше, жалғыздықта болуды артық санайсыз. Бірақ шынайы достарыңызбен араласқанда өзіңізді сондай жайлы сезініп, үйлесім мен тыныштық сезімін бастан өткізесіз. Ал арадағы алшақтық сіз үшін маңызды емес. Өзгелерді жиі сағынбайтын адамсыз.
 4. Тұрақты, сабырлы, байсалды адамсыз. Табиғилық пен қарапайымдылықты жоғары бағалайсыз. Адамдар сізге жанаса жүруді қалайды. Себебі сіз жер қозғалса да қозғалмайтын қаққан қазық секілдісіз. Сол себепті олар сізге сүйеніп, тұрақтылығын сақтағысы келеді. Жаныңызға жақын адамдар сіз барда өзін қорғанды, қауіпсіз сезінеді. Жылы жүректі, мейірбан адам ретінде таниды. Ішкі жан дүниеңізге үңілген жан тәкаппар да, дөрекі де емес екеніңізді біледі. Сәнге бағынбай, жеке стиль ұстану керек деп ұғасыз.
5. Өмірге тура қарайсыз, өз ісіңіздің шеберісіз.
Тіршіліктің ағымынан қалыс қалмайсыз. Кез келген жетістікке өз күшіңізбен жетуді мақсат тұтасыз. Барлық мәселені оңай да тез шешесіз. Қоғамдағы құбылыстарға артық та емес, кем де емес, нақты, шынайы көзқарас қалыптастырғансыз. Сізге жұмыста да жауапкершілігі мол, сенімді адам ретінде зор үміт артады. Ішкі рухыңыздың күштілігі өзгелерге дем береді. Бастаған істі аяғына жеткізбейінше тыныштық таппайсыз.
6. Сіз өмірге құштар, парасатты жансыз.
Адамдармен тез тіл табысасыз және де кіммен қалай сөйлесу керегін жақсы білесіз. Достарыңызбен өте жақсы қарым қатынастасыз, бірақ ешкім жоқ жерде, жалғыздықта, еркіндікте болған жаныңызға жайлырақ. Уақыт өте келе оңашада ойыңызды жинақтап, миыңызды тынықтыру үшін бәрінен алшақтап, біраз уақыт жалғыз болуға тура келеді. Сізге кеңістік жетіспейді. Бірақ, бәрібір сіз жалғыз емессіз. Сіз өз өзіңізбен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүресіз. Қолда барыңызды бағалаңыз.
7. Өз күшіңізге сенімді адамсыз. Жылдам сезу түйсігіңіз өз қадіріңізді білуге көмектеседі. Бірте-бірте айналаңызда тек шын жанашыр адамдар ғана қалуын қадағалайсыз. Өміріңізде ең маңызды рөл ойнайтын дүние – мәдениет. Көпшілік бас ие мойындайтын сәннен бөлек, кербез де керім стиліңіз қалыптасқан. Өмірге көңіліңіз толады.
 8. Романтикаға бейім, арманшыл, эмоцияға берілгіш адамсыз. Өте сезімтал жаратылыс деп сізді айтуға болады. Әр нәрсенің тиімді тұсын көруге тырысасыз. Жүрегіңіздің әмірі бәрінен маңызды. Ең бастысы, үлкен арман қойып, соған жету. Сізге тек ақылымен жұмыс істеп, сезімге ерік бермейтін адамдар қызық емес. Ерік пен сезім қаламаған нәрсені қабылдамайсыз.
9. Нағыз ширақ, серпінді, экстраверт кісісіз. Тәуекелге бел бууға бейімделгенсіз. Қызықты, әртүрлі істерді байқап көруді қалайсыз. Күнделікті қайталана беретін жұмыс сізді жансыздандырып жібереді.

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<