\»Қайсар\» жеңіске жетті

336

0

Ақтөбе қаласында волейболдан жоғарғы лига командалары арасында турнир өтті.

Ел чемпионатына дайындық мақсатында өткізілген жарысқа төрт команда қатысып, «Қайсар» волейбол командасы жеңімпаз атанды.

Сергей Токерев «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Енді қайсарлықтар 19-28 қараша аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласында волейболдан өтетін ҚР 28-ші чемпионатының 1-турына қатысады.

Айта кетейік, былтырғы жылы 27-ші чемпионатта «Қайсар» 3-орынды иеленген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<