Көші-қон қызметінің бастығы сотталды

194

0

 Бірнеше мәрте пара алды деген күдікпен ұсталған Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы К.Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті К.Байжанов шетел азаматтары Э.Манукян, И.Гребенюк, А.Егиазарян, М.Закоян және Х.Махмадова есімді азаматтардан жалпы қамқорлығы үшін 3 млн 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алған. «К.Байжановқа Г.Кравчук жәрдем берген. Күдікті шетел азаматтарын елде тұруға ықтиярхатты рәсімдегені үшін деген күдікке ілінді. 2019 жылдың 29 қазанындағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжановқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген ведомствоның ақпаратында.
Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<