Ішкі талдау үнемі жүргізіледі

460

0

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы 9 айда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес қызметкерлерге құқықтық оқыту жүргізді. Құқықтық оқытуда орын алған фактілер жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды.

Барлық кабинеттерде ақпараттар ілінген. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған облыс әкімдігі бекіткен медиа-жоспарға сәйкес ай сайын facebook әлеуметтік желісінде басқарма басшылығымен интернет конференциялар өткізіліп келеді. Жыл басынан 8 рет интернет конференция, басқарма басшысының орынбасары М.Тұрманов «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы», бөлім басшысы Б.Қасымбекұлы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында интернет-конференциялар өтті. Бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізіліп, жыл аяғына дейін орындауға ұсынымдар берілді.

Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын орындау барысында Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезіндегі тәуекелдерге жүргізілген талдау нәтижесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды.

Мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою құралының  бірі – цифрландыру. Басқарма қызметінің бірнеше бағыты цифрландырылған ақпараттық жүйелер арқылы жергізілуде. Атап айтсақ, қажетті тауарлар, қызметтер мен жұмыстар мемлекеттік сатып алудың веб-порталы (goszakup.gov.kz) арқылы сатып алынуда. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылады. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен өтінімдер қабылдау барысында, қағаз нұсқасынан бөлек электрондық нұсқада «Парус-КАЗ.Бюджет» бағдарламалық өнімі пайдаланылуда. Сондай-ақ, басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.

Облыстық экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<