Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

781

0

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап. 

«Құрметті отандастар! 30 қазанда Эгей және Мәрмәр жағалауында 6,6 баллдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі – Эгей теңізінің Сеферихисар төңірегі. Жер сілкінісі Эгей мен Мәрмәр жағалауларының көптеген қаласында қатты сезілді. Измир қаласының Байраклы мен Борнова аудандарындағы бірнеше ғимараттың қирағаны хабарланды», – делінген хабарламада.

Елші көмек қажет азаматтарымыз болған жағдайда тікелей өзіне, не елшіліктің +903124919100 нөміріне, болмаса төмендегі нөмірлерге хабарласуға болатынын ескертті.

Аблай Амандықов +905384409677

Асылбек Сыдықов +905367772827

Лаура Болатова +905396903114

Измир қаласындағы ҚР Құрметті Консулы:

Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедиянова +905347023135.

Еске салайық, Түріктің Измир қаласында жойқын жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді. 

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында Грекияның Самос аралында қатты жер сілкінісі болғаны туралы хабар пайда болды.

Афина университетінің сейсмикалық зертханасы 6,8 балдық жерасты дүмпулері туралы хабарлады. Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.51-де болды. Ошағы Самостың солтүстік-батысынан 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісі 10 секундқа созылды.

Жер сілкінісіне байланысты Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакистің телеүндеуі кейінге қалды, ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.00-де беру жоспарланған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<