Қызылордада биыл көпқабатты үйден бес бала құлап кеткен

604

0


Қызылорда облысында жыл басынан бері 5 баланың көпқабатты үйдің терезесі мен балконынан құлап кету жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде биыл көпқабатты үйлердің терезесі және балконынан құлап кету жағдайлары көбеюде. Оған ауа райының жылынуы мен балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуы басты себеп болып отыр. Осындай жағдайға байланысты биылғы жылдың бес айында облыста 5 бала сондай төтенше жағдайға душар болды.

Еске салсақ, мамыр айының алғашқы онкүндігінде Қызылордада бір жастағы сәби көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кетті. Дәл осыған ұқсас жағдай сәуір айында Шиелі ауданында тіркеліп, 3 жастағы ұл бала үшінші қабаттан құлап түскен.

«Айта кетерлігі, соңғы төрт жылда осындай оқиғалар салдарынан 2 бала қаза тауып, 20 бала түрлі дене жарақатын алған. Атап айтқанда, 2018 жылы – 4, 2019 жылы – 7, 2020 жылы – 6, биыл – 5 бала осындай оқыс жағдайға ұшырады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналарға және көп қабатты нысандардың басшыларына ұсыныс айтамыз. Мәселен, москит торларын берік бекіту, балаларды бақылаусыз қалдырмау, ашылатын терезеге блакираторлар қою секілді жағдайларға назар аударуын сұраймыз. Балалардың терезе алдында ойнауына жол бермеу қажет. Аудан тұрғындарын. Барлық қауіпсіздік ережесі талабын сақтап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз», – ддеп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<