КӨЛІК САЛЫҒЫ: тіркеуден шығармай төлеуші екеніңізді ұмытпаңыз

1436

0

Қазақстан Республикасының Cалық кодексіне сәйкес, елімізде тіркелген немесе есепте тұрған көлік құралдары салық салу объектілері болып есептеледі. Сол себептен меншік иелері мұны мүлтіксіз орындауы тиіс. Десе де, соңғы уақыттары көлік салығына қатысты кейбір түсініксіздік жағдайлар орын алған секілді. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновпен аз-кем сұхбатта осы мәселені саралап көрген едік.

– Ғалымжан Қалдыкөз­ұлы, Мемлекеттік кірістер ор­гандарының алдында кейінгі уақыттары адамдардың ке­зек­тілік шоғырын көп бай­қап жүрміз. Себебі неде?

– Бүгінгі таңда облыс бойынша 55184 жеке тұлғада 1 млрд 331 млн теңге көлік са­лығынан қарыз қалыптасып отыр. ҚР Салық кодексіне сәй­кес меншік құқығында кө­лік құралы бар жеке тұлға са­лықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi. Ал көлік салығының төлеу мерзімі әр жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Егер көлік құралдарының иесі салық төлеуші дербес өз бетінше 31 желтоқсанға дейін салығын төлемесе, көлік құралдарын есеп­ке алуды және тіркеуді жү­зеге асыратын уәкілетті орган­дардың (ҚР ІІМ) авто­мат­тандырылған режимде ұсы­натын мәліметтерінің негізінде мемлекеттік кірістер органдары салық есептейді.

ҚР Салық кодексіне өзгеріс енгізілгенге дейін, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін талап қою мерзімі 5 жылды құрады. Сол 5 жыл аралығында мемлекеттік кірістер органда­ры салықтарды және бюджет­ке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жа­зылған сомасын қайта қа­рау­ға құқылы болатын. Өткен 2019 жылы облыстың аумақ­тық мемлекеттік кірістер бас­­қар­малары облыстық Полиция департаментінің мәлі­ме­тін не­гізге алып, 2014-2018 жыл­дар­ға, яғни соңғы 5 жылға өз бетінше көлік салығын тө­ле­меген тұлғаларға көлік салығын есептеді. Қазіргі күні одан өн­дірілгені 622,5 млн теңге, мемлекетке өндірілмеген қа­рыз 500,5 млн теңге.

Ал, 2019 жыл үшін кө­лік салығы «Біріктірілген де­рек­­тер қоры» және «Сервис ор­талығы» ақпараттық жүйе­лері (АЖ) арқылы алын­ған ҚР Ішкі істер ми­нистрлігінің көлік құ­рал­­дары дерек­қоры­ның мәлімет­тері негізінде республика бойынша ор­­талықтандырылған түрде ҚР Қаржы ми­нистрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен есептелінді.

– Көлігімді сатқан кезде барлық көлік салығын төлеп, есептен шығардым, қарыз қайдан шықты деген сұрақтар жеке тұлғаларды жиі мазалауда. Бұл жөнінде не айтасыз?

– Жыл ішінде автокөлікті есептен шығарған кезде, жеке тұлғаның көлік салығының төлеу мерзімі 31 желтоқсан болғандықтан, ағымдағы жы­ға есептелетін салығы бет есе­бінде көрінбейді. Ол көрін­бе­гендіктен, қарыз болып шық­пайды да, АвтоЦОН-да кө­лікті мемлекеттік тіркеуден шы­ғара береді. Ал, мемлекеттік кірістер органдары талап қою мерзімінде әр жылдың есептелген, төленген салықтарына түгендеу жүргізіп, салықты қайта есептеуге құқылы екенін жоғарыда айтып өттім.

2015 жылдан бастап қарызы жоқ туралы анықтаманы Жол полициясы талап етпейтін болды. Себебі сол жылдан бас­тап Авто-ЦОН бағдарламасы «Біріктірілген салықтық ақ­параттық жүйесімен» бірік­ті­ріліп, сол жақтың маманда­рына жеке тұлғалардың дер­бес шоттарын көруге мүмкін­дік қа­растырылған. Олар дербес шоты бойынша түгендеу жұ­мыстарын жүргізбей, қарызы жоқ деп есептен шығара салады. Осыған байланысты ке­зін­де біздің департаменттен бір ма­ман Авто-ЦОНда отыр­ғы­зыл­ған.

Көлік құралдары туралы дұрыс емес мәлімет анықталса, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беріп деректер қорынан шығаруға мүмкіндік беретін қызметті пайдаланған дұрыс. Бұл қызметті «e-Salyq» мобиль­ді қо­сымшасының «Салық әмия­ны» арқылы пайда­лана алады, оны «App Store» мен «Play Market»-тен жүктеуге болады.

Көбіне автокөлік жоқ деп келіп жатқан салық төлеу­ші­лер­дің қатесін айта кетейік. Се­німхат арқылы сатылған не­­месе жарамсыз күйде бөл­­шек­теп сатылып кеткен не­месе ме­таллоломға өткі­зі­ліп кет­­кен көліктерді Поли­ция де­партаментіне барып, мем­лекеттік тіркеуден шығар­маған жағдайда, көліктің иесі көлік салығын төлеуші болып қала береді. Жеке тұлғалар тарапынан түсініспеушілік осы жерден туындап отыр. Көлікті сатқан уақытта, сол мезетте сату-сатып алу келісім-шарты бойынша өз иелігінен, яғни мем­лекеттік есептен шығару қажет еді. Мемлекеттік тіркеуден шы­ғармаған жағдайда, көліктің иесі көлік салығын төлеуші болып қала береді.

– Салық төлеуші жеке тұлғалар қарызы жайында хабардар болып отыр ма?

– Жыл сайын көлік құра­лына көлік салығын төлеу, оның мерзімі туралы бұқара­лық ақпарат құралдары бет­те­рінде, әлеуметтік желіде және облыстық телеарналар­дан хабарлама беріліп отыра­ды. Негізінен, әр жеке тұлға өз иелігіндегі көлікке Салық ко­дексіне сәйкес көлік салығын дербес есептеп, жыл сайын тө­леуге міндетті. Осыны біз­дің тұрғындарымыз жете түсі­нуі қажет. Барлық кінәні мем­лекеттік органдарға жауып қою дұрыс емес. Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының 35-бабына сай, салықтарды және өзге де міндетті төлем­дерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Одан басқа, ағымдағы жы­лы есептелген және төле­не­тін салықтары туралы тұр­ғын­­дар­ды хабардар ету үшін Қы­зыл­орда қаласында комму­налдық төлемдердің «Бірыңғай төлем құжаты» хабарламасы­на енгізіліп таратылуда. Және біздің ведомство тарапынан «Кас­пийбанк» арқылы есеп­телген салық туралы push-ха­барлама тұрғындарға жібері­луде.

Біздің www.kgd.gov.kz ресми сайттағы «Электрондық сер­­вистер/Салықтық бере­ше­гі­­нің жоқ (бар) екендігі тура­лы мәліметтері» бөлімін­де не­ме­се www.egov.kz «Элект­­­рондық үкімет» порта­лын­­­да­­ғы «Са­лық­тар және қаржы­лар»/«Са­лықтық қарыздарды көру және төлеу» бөлімінде берешекті анықтауға толық мүмкіндік қарастырылған.

Мұнан бөлек, салық төлеу­шілерімізге толық ақпарат беру мақсатында департаментте 1414 қысқа нөмірлі «Байланыс ор­талығы» үзіліссіз жұмыс атқа­руда.

Тұрғындарды салықтарын уақытылы төлеуге және түсініс­тікпен қарауға шақырамын.

Әңгімелескен

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<