Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – бүгінгі ұрпақтың борышы

1037

0

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл жайында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы өзінің Жарлығында жария еткен болатын.

Қатал да қасіретке толы кезеңді еске түсіретін бұл атаулы күн тарихымызды зерттеп, зерделеу қажеттігін де ұғындыра түседі . Ұлы террорлық әрекет талай қазақ баласын аямай орға жығып, миллиондарды жалмап, ел тарихында зобалаң жылдар ретінде сақталып қалды.

Елім деп еңбек еткен қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев. С. Асфендияров сынды асылдар жазықсыз жара шекті.

Мың өліп,мың тірілген қазақ халқының басынан өткен қанды оқиғалар мәңгі ел жадында.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекетті комиссия құруды тапсырды.

Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмысын аяқтап, жазықсыз жапа шеккендерді ақтау, әрбірін есте сақтау – егемен еліміздің бүгінгі ұрпақтарының борышы.

Гүлнар НҰРТАЗАЕВА,


Қармақшы аудандық тарихи өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<