Бюджет жүйесінің маңызды буыны

355

0

Кез келген ел дербес мем­лекет болып қалып­тас­қаннан кейін алдымен қазы­надағы қаржының тиімді игерілуін, әр сала бойынша мақсатты жұм­салуын басты назарда ұстайды.

Қазақстан да егемендік ал­ған тұста қазынашылықтың мәні мен негізгі қызметін қам­тамасыз ету үшін бұл жүйенің құрылуы мен оның дамуына айқын басымдық берді.

1994 жылы қаржы ми­нис­трлігі жанынан қазына­шы­лықтың бас басқармасы құ­рылып, бүгінгі күні бұл жүйенің құрыл­ғанына 26 жылға аяқ басты. Осы уақыт ішінде Қазақстан қазынашылығы еліміздің бюд­жет жүйесінің бір бөлігі ре­тінде қалыптасып, даму жолын өткеріп, мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінде маңызды және беделді орынға ие болды.   

Қазынашылық органдары алғашқы кезеңде «Oracle» бағ­дарламасы негізінде жасалған қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде жұмыс жасады. Бірыңғай ақпараттық ортаны қамтамасыз ету үшін қазынашылық органдары жаңа ақпараттық жүйеге көшті. Сарап­шылардың пікірінше, Қа­зақстанның қазынашылық жүйесінің тәжірибесі басқа ел­дерге үлгі болатындай, жоғары бағаланып, бірегей жүйе ре­тін­де танылды. 

2014 жылдан бастап қа­зынашылықтың біріктірілген ақ­параттық жүйесінде  мем­ле­­кеттік мекемелермен «Қа­зына­шылық-клиент» ақпа­рат­­­тық жүйесі арқылы элек­трон­дық құжат алмасу қызметі то­лығымен іске асырылып келеді. ­«Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі мем­­­­ле­кеттік мекемелердің қа­зы­нашылық органдарына ұсы­­натын құжаттарды қа­был­­­дау және өңдеу жөніндегі фун­­кцияларды автомат­тан­дыруды қамтамасыз етеді. Қа­зынашылықтың бірік­тіріл­ген ақпараттық жүйесінің құ­рамдас бөлшегі.

Бүгінде осы жүйе аясында электронды қызмет түрін ұсы­нып келеді. Соның ар­қасында мемлекеттік ме­ке­мелерге қыз­мет көр­сету уақыты қысқарды, қағазбастылық азайды, қар­жы­лық құжаттарды өңдеу са­пасы жақсарды. Бюджеттік бағ­дарлама әкімшілері мем­лекеттік мекемелер, квази­мемлекеттік сектор субъек­тілері – «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің тұ­тынушылары. Қазір ақпа­раттық жүйе толықтай ен­гізілген, ол арқылы нақты уақыт режимінде мем­ле­кеттік ме­кемелердің және ква­зи­мем­лекеттік сектор субъек­тілерінің қаржылық құ­жат­тарын өңдеу бойынша қызмет көрсетілуде.

Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәй­кес қаржылық құжаттарды өңдеу уақыты жыл сайын қысқарып келеді. 2017 жылға дейін төлемге берілген шотты өңдеу 8 жұмыс сағатын құраса, 2017 жылы 7 сағатқа, ал, 2018 жылдан бастап 6 сағатқа дейін қысқарды, яғни, электронды қызмет ұсынудан ұтпасақ, ұтыларымыз жоқ екенін аңғаруға болады. 

Бүгінде облыс бойынша кент, ауыл, ауылдық округ­тердің саны 146-ны құрады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың IV деңгейін енгізудің бірінші кезеңі бойынша 2018 жылы 65 дербес бюджет енгізілсе, ал 2020 жылға IV деңгейлі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін екінші кезеңі бо­йынша жоспарға сәйкес қал­ған 81 бюджет енгізілді. Қа­зіргі кезде жеке және жиын­тық қаржыландыру жос­­пар­ларын жүйеге енгізу жұ­­мыстары жүргізіліп, әрі қарай күнделікті қаржылық құжат­тарды рәсімдеу және өңдеу жұмыстары атқарылуда.  

Бюджеттік шығыстардың тиімділігін түпкілікті жақсарту үшін 2017 жылы респубиканың санаулы  өңірлерінде «Құрылыс саласындағы мемлекеттік са­тып алуларға қазынашылық  қызмет көрсету туралы» пи­лоттық жоба енгізілген бо­латын. Облыс бойынша был­тырғы қаржы жылынан бастап қазынашылық жүйесі арқылы сметалық құны 2 млрд теңгеден асатын, жаңадан тұрғызылатын құрылыс объек­тілеріне мемлекеттік  сатып  алуды қазынашылық қолдау  талаптары енгізілді. Құрылыс  саласындағы  мемлекеттік  са­тып  алуды қазынашылық қол­дау объектілері бойынша об­лыста 6 жобаның   жұмыстары жүргізілуде. Бұл болашақта бюджет қаражатының өз мақсатына жұмсалуына әлі де бақылаудың күшейтіле тү­се­тіндігін көрсетеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша өткен қаржы жылының 1 наурызынан бастап «Е-Минфин» ақпараттық жү­йе­сінде облыстық қаржы басқармасынан 21 келісім- шарт қабылданып, сондай-ақ, 3 мемлекеттік міндеттемесі жоқ мемлекеттік әріптестіктің шарты тіркеліп, тіркеу куәлігі берілді. Облыс бойынша 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жо­ба­лары бойынша барлығы 56  келісім-шарт тіркелді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қаржы министрлігінің аумақтық мемлекеттік меке­мелерінің жалақы мен іс­са­пар шығындары орта­лық­­­тандырылып, қазына­шы­­лық саласына берілді. Қар­жы ми­нистрлігі «Бюджет про­цес­терін оңтай­лан­дыру туралы», тағы басқа бұй­рықтарына сәйкес қыз­мет­керлерге еңбек­ақы мен жалақы, іссапар шығындары жүргізіліп отыр.    

Қазынашылық депар­та­мен­тінде Үкімет қаулы­сы­мен бе­кі­тіл­ген «Орталықтан­ды­рыл­ған мемлекеттік сатып алу» пи­лоттық жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында пилоттық жобаны іске асыруды ұйымдастыру үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы пилоттық жобаға енгізілген министрліктердің (Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Ауылшаруашылығы, Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министрліктері) облыс бойынша аумақтық 12 мемлекеттік органын анық­тап, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы олардың 2020 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарларына талдау жүргізді.

Бүгінде қазынашылық Қа­зақстанның қаржылық жү­йе­сінің басты бөлігі болып отыр. Ол мемлекеттік органдардың алдына қойған міндеттерін орындау үшін кірістерді уақ­тылы есептеп, қаржылық ре­сурстармен, ақша ағы­нының ашықтығы мен шұғыл жүргізілуін қамтамасыз етеді. Процестерді барынша автоматтандыру, алдыңғы қа­тарлы озық технологияларды пайдалану, әкімшілік және техникалық тәртіпті оңайлату арқылы стратегиялық мін­деттердің бірі қоғамдық қаржы жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді шешуге мүм­кіндік береді.

Алайда, қазынашылық қызметі мұнымен шектелмейді. Келешекте атқарылуға тиіс жобалар әлі де болса жетерлік. Бастысы – мемлекеттік қар­жының өтімділігін тиімді басқару. Құрылғаннан бастап, аз уақыттың ішінде Қазақстан қазынашылығы бюджет жү­йесінің бір буыны ретінде мем­лекеттік қаржыны басқару жүйесінен лайықты орын ала отырып, орасан зор қалыптасу және даму жолынан өтті. Әрине, мұның барлығына салада еңбек ететін білікті қызметкерлердің жұмысы нә­тижесінде қол жетті.

Ә.ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыс бойынша

қазынашылық департаментінің басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<