Екінші мәрте екпе егу басталды

693

0

Кеше  коронавирус індетіне қарсы егу жұмыстарының екінші кезеңі үшін Қызылорда қаласына тағы 1000 доза вакцина келді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов хабарлады.

– 1 ақпан күні «COVID-19» инфекциясына  қарсы вак­ци­наның алғашқы 1000 дозасы келіп,  екпе жасау басталған болатын. 1-17 ақпан аралы­ғында екпе салдырған адам­дардың 939-ы медицина қыз­меткері болса, 61-і ерікті түрде келген. Олар бұған дейін дәрігерлер бақылауында болды. Денсаулық жағдайларына шағымдарының болмауына байланысты араға 21 күн салып екінші дозасын салдыруды бастады, – деді ол.

Жеткізілген «Спутник V» ресейлік вакцинасының екін­ші 1000 дозасы да қалалық №1-ші, №3-ші және №6-шы емханаларда жүргізілетін болады.

– Өзім ерікті түрде 1 ақ­пан күні алғашқылардың бі­рі болып вирусқа қарсы екпе ектірдім. Кері әсерін бай­қа­мадым. Сол себепті бүгін екпені екінші қайтара салды­рып отырмын, – деді бас­қарма басшысы».

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<