Вакцина қалай сақталады?

412

0

Коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстарының басталғанына бір айға жуықтады. Індетті тоқтатудың бірден-бір жолы – вакцина. Десек те, вакцинаның емханаға жеткізілуі, сақталуы турасында тұрғындар арасында түрлі пікір бар. Сондықтан облыстық орталықтандырылған вакцина сақтау қоймасына арнайы бардық.

№6 қалалық емхананың ау­ма­ғында орналасқан қоймада тек коронавирусқа қарсы ғана емес, басқа да вакциналар сақ­та­лады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов екпе егу барлық санитарлық-эпидемио­логиялық талаптар бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Вакцина -20 градуста сақ­тала­тындығымен ерекшелене­ді. Ал оны жеткізу жұмысын «СК-Фармация» жүзеге асырады. Ал­дымен әуе тасымалы арқылы Шымкент қаласындағы қоймаға жеткізіліп, арнайы авторефрижератормен Қызыл­ор­да қаласындағы облыстық орта­­лықтандырылған қоймаға әкелінеді. Арнайы дайындалған 12 мұздатқыш бар. Олар – меди­цинада пайдалануға болатын, валидациядан өткен құрылғылар. Температуралық режим міндетті түрде бақыланып тұрады. Аймақ бойынша 14 вакциналау орталығын да­йындап отырмыз. Оның үшеуі жұмысқа қосылған. Екінші кезеңнің вакцинасы 26 ақпанда жеткізіледі деп жоспарлануда. Межеленген уақытта келсе, 1 наурыздан бастап 14 егу бөлімі жұмысқа қосылады, – деді ол.

Вакцинаны қалалық емханаларға тасымалдау үшін арнайы термоконтейнерлер сатып алынған. Контейнерлер ішінде хладоэлемент деп аталатын, температураны -20 градуста ұстайтын құрғақ мұздар бар. Мұндағы термоконтейнерлер осы температураны 6-8 сағатқа дейін ұстап тұрады.

– Аудан орталықтарына вак­цинаны температураны қадаға­лайтын құрылғылары бар ав­торефрижератормен жет­кі­зу­ді көздеп отырмыз. Онда да мұз­дат­қыштар бар. Оған қоса об­лыстық әкімдік резервінен 43 млн теңге ақша бөлініп, бүгінде 24 млн теңгеге қосымша 23 мұздатқыш, 46 термоконтейнер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Құрылғылар 26 ақпанда жеткізіледі деп жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.

Ал, облыстық санитариялық-­эпидемиологиялық бақылау де­партаменті басшысының орын­басары Әлия Әбдіқайымова об­лыстық орталықтандырыл­ған вак­цина қоймасында 3 тоңазытқыш камера барын атап өтті. Олардың өзінде температураны бақылайтын термометрлер бар. Жауапты маман заң талаптарына сәйкес екі мезгіл температураны бақылап отырады. Айта кету керек, тоңазытқыштардың барлығы автоматтандырылған түрде генераторға қосылған. Жарық сөніп қалған жағдайда да жұмысын жалғастыра береді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<