Басты мақсат – өнер жәдігерлерін мирас ету

1977

0

Қызылорда жерінде өткелі тұрған «Түрксой» ұйымының фестивалінде режиссермын. Айта кететін жайт, бұл шара Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойына тамаша тарту болғалы тұр. Себебі, түркі тілдес бауырлардың «Қорқыт және Ұлы дала сазы»  халықараралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің аясында ұмытылып кеткен көптеген өнер туындыларын, көне музыкалық аспаптарын қайта жарыққа шығып, халықпен қауышады. Тыва, Саха, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және тағы басқа елдерден келген өнерпаздардың көне дәуірдегі мәдени мұраларын қайта жандандырып, жаңғыруына куә боламыз. Басты мақсат – келешек ұрпаққа осындай жәдігерлерді мирас ету парыз.

Фестивалдың тағы бір өзгешелігі – «Түрксой» ұйымы мен Қызылорда облыстық әкімдігінің шараны бірлесе өткізуінде. Бұл Қызылорда ғана емес, қазақ елінің абыройы деп білеміз. Үш күндік мерекелік шара аясында барлық келуші өнер адамдары өз елінің дәстүрлі музыкасын танытып, халыққа керемет кеш сыйлағалы тұр. Айта кетейін, Қазақстанда өтіп жатқан фестиваль өзге де тіркі тілдес мемлекеттерде өтуі тиіс деп есептеймін. Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (Түрксой) негізгі мақсаты да сол. Өнер, мәдениет, әдебиет саласы бойынша туысқан елдердің мұраларын насихаттап, халықаралық деңгейде паш ету.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<