Бұл фестиваль түркі дүниесін жақындастыра түспек

1949

0

Мен тарихи тамыры қазақпен бірге соғатын Тыва елінен келіп отырмын. Түркі дүниесі өнерпаздарының басын қосатын фестиваль қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Көмейден жыр төгетін біздегі дәстүрді осы Сырдың елінен көріп, көңілім өсіп тұр.

Мен көрермендер алдында «Өскен жерде» және «Енесай» атты туындыларды орындаймын. «Енесай» – аты айтып тұрғандай бабалар жайлы шығарма. Онда осы ұлы өзеннің бойын жағалай қоныс тепкендер болмысы, айналасына шуағын шашып, мейірін төккен ата-бабалар заманын, өткенді аңсау бар.

Ал «Өскен жерде» туындысының өзегі туған топырағынан жырақта жүрген жанның сағынышы. Бүгін осы екі шығарманы қызылордалық көрермендер алдында орындаймын. Жалпы «Түрксой» ұйымы мен жергілікті әкімдік бастамасымен  ұйымдастырылып жатқан халықаралық музыкалық-фольклорлық өнер фестивалі түбі бір түркі дүниесін жақындастыра түсетін мәні зор мәдени шара деп білемін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<