Өзін еңбектен тапты

920

0

Сәлима апамыз, менің ойымша, жас кезінен-ақ өзін іздеді, батыл мінезінің арқа­сында еңбекке ерте араласып, қайсар әрі басқалардан бөлек болмысымен ерекшелігін дәлелдеді.

17 жасында құрылысшы болса, одан кейін сауыншы болды. Жеті жылға жуық уақыт ауылдық кеңестің басшысы қызметін атқарды. Бұл – жауапты қызмет. Бірақ соның бәрін тастап, күрішке кетті. Себебі өзінің қажыр-қайратымен күріш өсіру ісін ілгерілете алатынына сенді. Сәлима апаның табандылығы, еңбекқорлығы жастарға өнеге болды. Кеңес Одағы кезінде қарапайым еңбек адамдарын бүкіл республикаға үлгі ете­тін. Сондықтан басшылар басқаларды сөзіне сендіретін, ішкі жігері мықты, қуатты адамдарды іздеген. Ол кезде еңбеккер арқылы бүкіл жұртқа насихат жүргізіп, жастарды қызу жұмысқа шақыру ісі жолға қойылған еді. Адамдар негізінен еліктегіш келеді, жақсыға ұқсауға тырысады. Сондықтан мұндай насихат жұмыстары қазір де қажет.

Конференцияда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әйелдер арасында күріш өсірушілер жоқтың қасы екенін, олардың еңбегін жұртқа жариялап, көпке үлгі ету керегін атап өтті.


Сәлима апай, туыстық жағы­нан қарасақ, маған жеңге бо­лып келеді. Анда-санда «қайным, жеңгеңді ұмытып кеттің-ау» деп әзілдейтін. Жал­­пы өзі энергиясы мықты, батыл, кез келген адаммен тіл табысып кететін адам еді. Мұндай көпшіл мінез барлық адамнан табыла бермейді.

Бақберген ДОСМАНБЕТОВ,
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<