Сармат дәуірінде жерленген адамның денесі табылды

1063

0

Маңғыстауда шамамен сармат дәуірінде жерленген адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ладаға сілтеме жасап. Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында су құбырының құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлер адамның сүйектерін тауып алған.
Археологтардың болжауынша, ол сармат түріндегі ескерткіштерге жатады. Реклама 14 Кешенде археологтар алты адамның мәйітін тапты. Мамандардың алдын ала зерттеулері бойынша, сүйектер біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда және І ғасырға дейін жерленген. Қорықтың қызметкерлерімен бірге зерттеу жұмысына археолог Андрей Астафьев пен ресейлік маман Евгений Богданов қатысты. Жерлеу орнындағы қазба жұмыстары. Суретті қорық қызметкері жолдады «Бірінші тереңдікте баланың денесі табылды, ал оның қасында кішкентай пышақ жатты. Пышақ қойдың немесе ешкінің денесінде болған сияқты, біздің тұжырымға сәйкес бұл құрбан шалу рәсімі болғанын айтады. Екінші қазба жұмысында үш сүйекті таптық. Ол жасөспірімдердің денесі болуы мүмкін. Ал үшінші тереңдікте әйелдің сүйегі табылды, оның бас жағында керамика сынықтары мен кілт тәрізді темір зат табылды, аяқтарында 20-ға жуық қара түсті моншақ болды. Төртінші тереңдікте біз жерлеу алдында қапқа салынған ер адамның сүйектерін таптық. Қаңқа нашар сақталған. Осылайша, біз төрт жерлеу шұңқырын зерттеу барысында алты адамның сүйегін таптық», – деді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары Марат Өтесінов. Мамандардың айтуынша, катакомбаның құдық формасы бар.
Осыған ұқсас жерлеу бұрын Алтынқазған мәдени-жерлеу кешенінде, құмыра қорымы мен Керен ғибадатханасында табылған еді. Археолог Андрей Астафьевтің болжамы бойынша, катакомбалық кешенде 50-60 қабір орналасқан. Егер облыс басшылығы қолдау көрсетсе, қараша айында археологтар қазба жұмыстарын бастайды екен. Қорықтың қызметкерлері айтқандай, нысанды зерттеу сол уақытта өмір сүрген Маңғыстау тұрғындары тарихының жаңа бет-бейнесін ашады. Археологтар төрт адамның сүйегін тапты. Сондай-ақ қазір олар зерттеу және қайта құру жұмыстарымен айналысу үшін тарихи-мәдени қорықта. Жылдың басында қорықтың қызметкерлері Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының (Алматы) Қазақстанның палеоантропологиялық зерттеу ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Егор Китовты бірлескен жұмыс жүргізу үшін шақыруды жоспарлап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<